link
ҚАЗ РУС ENG Арнайы нұсқа
Ақша-кредит саясаты Қаржы тұрақтылығы Валюталық реттеу Қаржылық қадағалау Төлем жүйелері Ұлттық валюта Статистика
link
link
link link
Ұлттық Банк жайлы
Нормативтік құқықтық база
Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау
Баспасөз орталығы
Ұлттық Банктің мемлекеттік қызметтері
Рұқсаттар және хабарламалар тізілімі
Қолданылған ықпал ету шаралары мен санкциялар
Ұлттық Банктің сатып алулары
Сұрақ-жауап
Мұрағат
Техникалық ресурстар
Жазылу

  

Валюталық реттеу

Валюталық заңнама
Қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру
Валюталық операцияларды тіркеу және олар туралы хабарлау режимдері
Валюталық мониторинг
Экспорттық-импорттық валюталық бақылау
Валюталық реттеудің сұрақтары

Валюталық реттеу

Валюталық реттеудің мақсаты тұрақты экономикалық өсуге қол жеткізу және Қазақстан Республикасының ішкі валюталық нарығының тұрақтылығы және Қазақстан Республикасының төлем балансының орнықтылығы үшін тәуекелдерді азайту бөлігінде Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттің саясатына жәрдемдесу болып табылады.

Валюталық реттеудің міндеттері:

1) Қазақстан Республикасында валюталық құндылықтардың айналысының тәртібін белгілеу;

2) Қазақстан Республикасының дүниежүзілік экономикаға одан әрi кiрiгуi үшін жағдайлар жасау;

3) валюталық операциялар мен капитал легi жөніндегі ақпараттық базаны қамтамасыз ету болып табылады. Резиденттердің халықаралық операциялары және олардың сыртқы активтері мен сыртқы міндеттемелері бойынша статистикалық және талдамалық мәліметтерді қамтитын валюталық операциялар бойынша ақпараттар Қазақстан Республикасының сыртқы сектор статистикасын дайындауда пайдаланылады.

Қазақстан Республикасында валюталық реттеудiң негізгі орган Ұлттық Банк болып табылады.

Қазақстан Республикасының Үкіметі және өзге де мемлекеттік органдар валюталық реттеуді өз құзыретi шегінде жүзеге асырады.

Валюталық бақылау

Валюталық бақылаудың мақсаты Қазақстан Республикасының резиденттерi мен резидент еместер валюталық операциялар жүргiзген кезде олардың Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауын қамтамасыз ету болып табылады.

Валюталық бақылаудың мiндеттерi:

1) жүргiзiлетiн валюталық операциялардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестiгiн айқындау;

2) валюталық операциялар бойынша төлемдердiң негiздiлiгiн және оларды жүзеге асыруға қажеттi құжаттардың болуын тексеру;

3) валюталық операциялар бойынша есепке алу мен есептіліктiң толықтығын және объективтiлiгiн тексеру болып табылады.

Ұлттық Банк, заңдарында белгiленген өкілеттіктерi шегiнде өзге де мемлекеттік органдар валюталық бақылаудың органдары болып табылады. Уәкілетті банктер және уәкілетті ұйымдар валюталық бақылаудың агенттері болып саналады.

Валюталық бақылау тексерулер және бақылау мен қадағалаудың басқа да нысандары арқылы жүзеге асырылады. ("Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 62-бабы).

Валюталық заңнаманы бұзғаны үшін Ұлттық Банк Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген санкциялар мен ықпал ету шараларын қолданады.


  
Жоғарыға
  
Яндекс.Метрика
Егер Сіз қатені байқап қалсаңыз - оны белгілеп, "Ctrl + Enter" басыңыз
© Қазақстан Ұлттық Банкі, 2017