link
ҚАЗ РУС ENG Арнайы нұсқа
Ақша-кредит саясаты Қаржы тұрақтылығы Валюталық реттеу Қаржылық қадағалау Төлем жүйелері Ұлттық валюта Статистика
link
link
link link
Ұлттық Банк жайлы
Нормативтік құқықтық база
Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау
Баспасөз орталығы
Ұлттық Банктің мемлекеттік қызметтері
Рұқсаттар және хабарламалар тізілімі
Қолданылған ықпал ету шаралары мен санкциялар
Ұлттық Банктің сатып алулары
Мүлікті жария ету
Сұрақ-жауап
Мұрағат
Техникалық ресурстар
Жазылу

  

Ақша-кредит саясаты

Инфляция және инфляциялық күтулер
Инфляциялық таргеттеу
Базалық мөлшерлеме
Айырбастау бағамының саясаты
АКС-тың негізгі бағыттары
АКС бойынша шешімдерді қабылдау процесі
АКС бойынша баспасөз релиздері
АКС құралдары
Инфляцияға шолу
Экономикалық зерттеу
Кәсіпорындар мониторингі
Экономикаға қысқаша шолу
АКС бойынша сұрақ-жауап

Ақша-кредит саясаты

Ақша-кредит саясаты айналыстағы ақшаның саны мен құнына әсер ету үшін орталық банк жүргізетін мемлекеттік экономикалық саясаттың бір бөлігін білдіреді. Ұлттық Банк ақша-кредит саясатын баға тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырады.

Мақсатқа қол жеткізу үшін Ұлттық Банк ақша-кредит саясатын инфляциялық таргеттеу режімінде іске асырады, бұл режімге өту 2015 жылғы 20 тамызда жарияланды.

 

Қазақстан Ұлттық Банкінің мақсаты

Ұлттық Банктің негізгі мақсаты Қазақстан Республикасында баға тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады. Баға тұрақтылығы инфляцияның төмен деңгейіне қол жеткізуді және сақтауды білдіреді. Төмен инфляция халықтың сатып алу қабілетін ұстап тұруға, экономикалық белгісіздікті төмендетуге мүмкіндік береді, өндіріске ұзақмерзімді инвестициялардың өсуіне мүмкіндік жасайды және экономикалық өсуге және халықтың әл-ауқатының жақсаруына барынша мүмкіндік жасайды.

2016-2017 жылдары Ұлттық Банктің нысаналы бағдары жылдық инфляцияның 6-8% дәлізі болып табылады. Ортамерзімді кезеңде Ұлттық Банк 2020 жылға қарай жылдық инфляцияны 3-4%-ға жеткізуге тырысады.

 

Инфляция

Инфляция – бұл тауарлар мен көрсетілетін қызметтер бағаларының жалпы деңгейінің артуы. Инфляцияға көптеген ішкі және сыртқы факторлар әсер етеді, оның ішінде іскерлік белсенділік деңгейі, шығарылымның алшақтығы (нақты ІЖӨ-нің оның әлеуетті деңгейінен алшақтығы), еңбек өнімділігі, халықтың ақшалай табысы, жұмыспен қамту деңгейі, нарықтардағы бәсекелестік дәрежесі, тауарлармен және көрсетілетін қызметтермен қамтамасыз етілу, әлемдік тауар нарықтарындағы бағалар және басқа факторлар.

Инфляцияны есептеу үшін тұтынушылар бағалар индексі (ТБИ) – тұтыну үшін халық сатып алатын тауарлар және көрсетілетін қызметтер (тұтынушылық қоржын) бағасының жалпы деңгейінің көрсеткіші пайдаланылады. Тұтынушылық қоржын үй шаруашылықтары шығысының құрылымын көрсетеді және оған халықтың тұтынуындағы барынша үлкен үлес алатын тауарлар және көрсетілетін қызметтер кіреді. ТБИ тұтынушылық қоржынның ағымдағы кезеңдегі бағамен көрсетілген құнының оның өткен (базалық) кезеңдегі бағамен көрсетілген құнына қатынасы ретінде есептеледі.

ТБИ-ды Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті есептейді.

 

Инфляциялық күтулер

Инфляциялық күтулер – бұл халықтың және нарыққа қатысушылардың инфляцияның одан кейінгі серпіні туралы болжамдары.

Инфляцияның ықтимал деңгейі туралы болжамдар болашақта халықтың және нарықтың экономикалық қызметіне әсер етеді. Егер инфляциялық күтулер төмен болса, онда нарыққа қатысушылар өз ақшасын өндіріске, инвестициялық жобаларға, қаржылық операцияларға орналастыруға тырысады. Егер инфляциялық күтулер жоғары болса, онда нарыққа қатысушылар өз ақшасын тауарларға, жылжымайтын мүлікке, тұрақты шетелдік валютаға, сондай-ақ құны елдегі инфляция деңгейіне қатысты болмайтын басқа құндылықтарға салады.

2016 жылғы қаңтардан бастап халық арасында пікіртерім жүргізілуде, ол Қазақстандағы инфляциялық күтулерді өлшеуге бағытталған. Ай сайынғы пікіртерім 1500 респондент қатысатын телефонмен сұхбат жүргізу арқылы ересек тұрғындар арасында жүзеге асырылады.

 

Инфляциялық таргеттеу

Инфляциялық таргеттеу – бұл ортамерзімді перспективада инфляцияның нысаналы көрсеткішін белгілеуге және қол жеткізуге бағытталған ақша-кредит саясатының режімі. Ақша-кредит саясатының мақсаттарын және басымдықтарын нақты белгілеу осы режімнің айрықша белгісі болып табылады, бұл халық пен нарықтың  қолайлы күтулерін қалыптастыруға ықпал етеді және олардың орталық банкке деген сенімін арттырады.

Инфляциялық таргеттеу режімі кезінде пайыздық арна маңызды рөл атқарады, ол арқылы орталық банктің пайыздық мөлшерлеме саясаты халықтың тұтынушылық, жинақтау, инвестициялық  тәртібіне бұдан әрі ауыса отырып нарықтық мөлшерлемелерге және соңында инфляциялық процестерге әсер етеді. Базалық мөлшерлеме Ұлттық Банктің ақша-кредит саясатының негізгі құралы болып табылады.

Пайыздық мөлшерлеменің деңгейі бойынша шешімдер қабылдау үшін аралық бағдар ретінде инфляция болжамы пайдаланылады, онда халықтың инфляциялық күтулері ескеріледі. Орталық  банк ортамерзімді кезеңде болжамды инфляция нысаналы мәннен асқан жағдайда базалық пайыздық мөлшерлеменің ағымдағы деңгейін көтеру және керісінше көтермеу туралы шешім қабылдайды.

Қысқамерзімді, әдетте ақша нарығының бір күндік пайыздық мөлшерлемесі операциялық нысаналы көрсеткіш ретінде пайдаланылады.

 

Айырбастау бағамының саясаты

Айырбастау бағамы саясатының қолданыстағы режімі – бұл теңгенің өзгермелі айырбастау бағамы. Айырбастау бағамы іргелі факторлардың ықпалымен қалыптасады. Қазақстандық теңгенің серпіні үшін мұнайдың әлемдік бағасы, сондай-ақ негізгі саудадағы әріптес елдердің, бірінші кезекте Ресейдің валюталар бағамы негізгі іргелі факторлар болып табылады.

Теңгенің еркін өзгермелі айырбастау бағамының режімі туындайтын сыртқы күйзелістерді тиімді реттеуге мүмкіндік береді. Нақты айырбастау бағамының тепе-тең деңгейіне нарықтық тұрғыдан қол жеткізу, отандық тауар өндірушілердің бәсекеге  қабілеттілігін сақтау, ағымдағы операциялар шоты бойынша елеулі теңгерімсіздіктердің алдын алу және халықаралық резервтердің төмендеуіне жол бермеу өзгермелі айырбастау бағамы режімінің басымдықтары болып табылады. Ұлттық Банк бағам белгілеу процесіне араласпайды, бұл ретте теңге бағамының тым артық өзгеруінің алдын алу үшін, сондай-ақ қаржы жүйесінің  тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін өктемдік жүргізуге құқығы бар. Өктемдіктер жалпы  алғанда өзгермелі айырбастау бағамы саясатына қайшы келмейді және оны орталық банктер, оның ішінде елдің халықаралық резервтерін толықтыру үшін жүргізе алады.

 

ҚРҰБ-ның құралдары

Ұлттық Банк құралдар арқылы ақша нарығының өтімділігін және пайыздық мөлшерлемелерді реттейді, банктердің кредиттік белсенділігіне ықпал етеді және айналыстағы ақша массасының көлеміне әсерін тигізеді.

Ашық нарық операциялары – Ұлттық Банктің базалық мөлшерлемеге жақын банкаралық пайыздық мөлшерлемелер деңгейін қалыптастыру мақсатында  ақша нарығында өтімділік ұсынуға немесе алуға арналған аукциондар нысанындағы  жүйелі операциялары. Ашық нарық операциялары Ұлттық Банктің бастамасы бойынша жүзеге асырылады. Ашық нарық операцияларын жүргізу кезінде өтімділігі жоғары және тәуекелсіз бағалы қағаздар кепіл ретінде пайдаланылады.

Тұрақты қолжетімділік операциялары (тұрақты тетіктер) – ақша-кредит саясатының өтімділік көлемін түзету жөніндегі құралдары, ол ашық нарық операцияларының нәтижелері бойынша қалыптасты. Тұрақты қолжетімділік операцияларының негізгі мақсаты  ақша нарығының қысқамерзімді пайыздық мөлшерлемелерінің құбылмалылығын шектеу болып табылады. Осы операциялар банктердің бастамасы бойынша жүргізіледі.

Ең төменгі резервтік талаптар құрылымдық өтімділікті, сондай-ақ банкаралық ақша нарығындағы өтімділік пен мөлшерлемелерді реттеу үшін пайдаланылады. Резервтік талаптардың нормативтерін ауыстыра отырып, орталық банк  банктердің өздерінің резервтеріне сұранысын реттейді және, өзінің құралдарын пайдалана отырып, ақша нарығындағы өтімділікті қысқамерзімді банкаралық пайыздық мөлшерлемелерді талап етілетін дәлізде ұстап тұруға мүмкіндік беретін деңгейде қолдайды.

Мақсаты

Құралдың түрі

Құрал

Кепілмен қамтамасыз етілуі

Өткізу кезеңділігі

Беру/алу мерзімі

өтімділік беру

тұрақты қол жеткізу операциялары

ҚҚБ-дағы кері РЕПО

МБҚ

банктердің сұратуы бойынша

1 күн

ашық нарық операциялары

ҚРҰБ бағалы қағаздарды кері сата отырып сатып алу аукционы

ломбардтық тізім

қажеттілігіне қарай

7 күн

өтімділік алу

ҚРҰБ ноттарының аукционы

-

ноталардың шығарылымы кестесіне сәйкес

7, 28, 91, 182, 364 күн

тұрақты қол жеткізу операциялары

ҚҚБ-дағы тікелей РЕПО

МБҚ

банктердің сұратуы бойынша

1 күн

ҚРҰБ-ның депозиттері

кепілсіз

банктердің сұратуы бойынша

1, 7 күн

 

Базалық мөлшерлеме

Базалық мөлшерлеме Ұлттық Банктің ақша-кредит саясатының ақша нарығында номиналдық банкаралық пайыздық мөлшерлемелерді реттеуге мүмкіндік беретін негізгі құралы болып табылады. Базалық мөлшерлеменің деңгейін белгілей отырып, Ұлттық Банк ортамерзімді кезеңде баға тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша мақсатқа қол жеткізу үшін ақша нарығының таргеттелетін (нысаналы) банкаралық қысқамерзімді мөлшерлемесінің нысаналы мәнін айқындайды.

Ақша нарығының нысаналы банкаралық қысқамерзімді мөлшерлемесі TONIA индикаторы – Қазақстан қор биржасында автоматты РЕПО секторында жасалған бір жұмыс күні мерзіміне РЕПО ашу мәмілелері бойынша орташа алынған пайыздық мөлшерлеме болып табылады.

Базалық мөлшерлеменің өзгеруі ақша нарығының пайыздық мөлшерлемелері және айырбастау бағамы арқылы инфляция деңгейіне әсер етеді. Мысалы, базалық мөлшерлемені арттыру ақша нарығының пайыздық мөлшерлемелерінің өсуіне, одан кейін қаржа нарығындағы қаражаттың қымбаттауына апарады, бұл, өз кезегінде, халықтың және кәсіпорындардың тұтынуға және жинақтауға қатысты шешім қабылдауына ықпал етеді. Тұтынудың төмендеуі және жинақтардың артуы инфляцияға төмендету әсерін тигізеді. Оның үстіне, базалық мөлшерлеменің өсуі ұлттық валюта бағамының нығаюына ықпал етеді, бұл, өз кезегінде инфляцияға төмендету әсерін тигізеді.

Бұл ретте, базалық мөлшерлеменің өзгеруі инфляцияға ортамерзімді кезеңде ықпал етеді, ал қысқамерзімді кезеңде оның әсері шектеулі.

Ұлттық Банк базалық мөлшерлеме бойынша шешімді алдын ала белгіленген кестеге сәйкес немесе қажеттілігіне қарай қабылдайды.

 

АКС бойынша шешімдерді қабылдау процесі

2017 жылы базалық мөлшерлеме бойынша шешімдер Астана уақыты бойынша сағат 17.00-де мына күндері жария етілетін болады:

- 9 қаңтар;

- 20 ақпан;

- 10 сәуір;

- 5 маусым;

- 17 шілде;

- 21 тамыз;

- 9 қазан;

- 27 қараша.

 

АКС-тың негізгі бағыттары

АКС-тың негізгі бағыттары – Ұлттық Банк жыл сайын әзірлейтін құжат. Құжатта өткен жыл үшін ақша-кредит саясатының нәтижелері және алдағы кезеңге арналған негізгі бағыттар қамтылады.  

 

Инфляцияға шолу

Ұлттық Банк базалық мөлшерлеменің деңгейі бойынша шешімдер қабылдау кезінде макроэкономикалық айнымалылар бойынша, оның ішінде инфляция бойынша талдау және есептеуді жүргізеді. Талдау тоқсан сайын жүргізіледі, болжамдар 6-8-тоқсанға дейінгі аралыққа әзірленеді. Талдау мен болжамдардың нәтижелері Ұлттық Банктің «Инфляцияға шолу» басылымында жарияланады. Басылым 2004 жылдан бастап тоқсан сайын шығарылады.

 

Кәсіпорындар мониторингі

Қазақстан Ұлттық Банкі ел экономикасының нақты секторында іскерлік ахуалды зерттеу үшін тоқсан сайын аумақтық филиалдары арқылы кәсіпорындар басшыларына пікіртерім өткізеді. Пікіртерімдер бизнес конъюнктурасындағы негізгі үрдістерді анықтауға бағытталған: кәсіпорындардың дайын өніміне сұраныстың өзгеруі, дайын өнімнің, шикізат пен материалдар бағасының өзгеруі, кәсіпорындар үшін кредиттік ресурстардың қажеттілігі мен қолжетімділігінің өзгеруі бойынша кәсіпорындардың нақты мәндері мен күтулері.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Директорлар кеңесінің 2013 жылғы 24 сәуірдегі №130 қаулысымен бекітілген Экономиканың нақты секторы кәсіпорындарының мониторингін дамытудың 2013-2017 жылдарға арналған тұжырымдамасы бизнес ахуалға зерттеу жүргізуді реттейтін құжат болып табылады

  • Конъюнктуралық шолу. Экономика бойынша кәсіпорындар пікіртерімінің нәтижелері.

Пікіртерімнің нәтижелері бойынша алдын алу және сәйкес келетін индикаторлардың жүйесін құру арқылы нақты секторда іскерлік ахуалдың жай-күйін сипаттайтын конъюнктуралық шолу жасалады. Шолуда көрсетілген кәсіпорындардың іскерлік ахуалының және экономикалық белсенділігінің индикаторлары: кәсіпорындардың дайын өнімдеріне сұраныстың өзгеруі, дайын өнімнің, шикізат пен материалдар бағасының өзгеруі, кәсіпорындар үшін кредиттік ресурстардың қажеттілігі мен қолжетімділігі, кәсіпорындардың шаруашылық қызметіне экономиканың нақты секторының әсері, шетел валюталарының теңгеге қатысты айырбастау бағамдарының өзгеруі.

  • Салалық конъюнктуралық шолу. Кәсіпорындардың салалар бөлігіндегі пікіртерімдерінің нәтижелері (салалар: өндіруші және өңдеуші өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік және қоймаға жинау)

Қазақстан экономикасының негізгі салалары бөлігіндегі нақты сектордың конъюнктурасына шолу саладағы ахуалды көрсетеді, ол кәсіпорынның басшысына кәсіпорындар көрсеткіштерінің серпінін ресурстарды пайдалану, шығындар мен бағаларды басқару, капитал мен активтер құрылымын өзгерту тиімділігінің салалық көрсеткіштерімен салыстырып тексере отырып, ақпаратты пайдалануға мүмкіндік береді. Негізгі шолуда пайдаланылған индикаторлардан бөлек кәсіпорындардың қаржылық жағдайын сипаттайтын қаржылық коэффициенттер келтіріледі. 

 

Экономикаға қысқаша шолу

Ұлттық Банк ай сайын қысқаша экономикалық шолу жасайды. Шолу ҰЭМ Статистика комитеті және басқа ресми дереккөздер жариялайтын жедел деректер негізінде Қазақстанның негізгі экономикалық көрсеткіштерін көрсетеді. Қысқаша шолу Қазақстан экономикасының жай-күйі туралы экспресс талдау жасау үшін негіз болып табылады. 


  

Халықаралық Валюта қорының Келісімнің IV бабына сәйкес консультациялары

ХВҚ миссиясының қорытынды мәлімдемесі

ХВҚ:Жұртшылыққа арналған ақпараттық хабар

ХВҚ миссиясының алдын ала тұжырымдары


Жоғарыға
  
Яндекс.Метрика
Егер Сіз қатені байқап қалсаңыз - оны белгілеп, "Ctrl + Enter" басыңыз
© Қазақстан Ұлттық Банкі, 2017